Біздің компания қызметкерлердің дамуына үлкен көңіл бөледі және әрқайсысын жеке тұлға ретінде қарастырады.
HR бөлімінің кәсіби командасы қызметкерлерге өз қабілеттерін барынша пайдаланып, мансаптық өсуге қол жеткізуге көмектеседі. Олардың дағдыларын бағалап, мықты және әлсіз жақтарын анықтай отырып, арнайы әзірленген және бейімделген бағдарламалар арқылы дағдыларды, білімді, кәсібилікті және өзіне деген сенімділікті қалыптастырады.
Компанияда тренинг-орталық базасында “Менеджерлер мектебі”, “Басқарушылар мектебі”, “Тәлімгерлер мектебі” және “Көшбасшылар мектебі” өткізіледі, Ispring LMS-платформасы енгізілген, Кайдзен институты арқылы үздіксіз оқыту ұйымдастырылады, сондай-ақ сыртқы оқыту ресурстары пайдаланылады.
Команданың дамуының арқасында бизнес-процестерді үздіксіз оңтайландыру, сондай-ақ компанияның корпоративтік мәдениеті мен құндылықтарын нығайту жүзеге асырылады.
Дамыту мен оқытудың дұрыс жүйесі филиалдарды басқарушылар мен цех шеберлерінен тұратын мықты ішкі кадрлық резервті қалыптастыруға мүмкіндік берді. 2023 жылдың маусымындағы деректер бойынша, басқарушылардың 79%-ы компанияның өз жүйесінде өсірілген мамандар.
Біз өз қызметкерлерімізде кәсібилікті, бастамашылдықты, жеке қасиеттерді және корпоративтік мінез-құлықты дамытамыз. Себебі, компанияның басты капиталы және табысының негізгі факторы – біріккен, кәсіби және ісіне адал ұжым.