«SAFIA» Кондитерлік Үйі – отбасылық бизнес, оның негізі 2008 жылы алғашқы филиалдың ашылуымен қаланған.
2015 жылы ребрендинг өткізіліп, «SAFIA Кондитерлік Үйі»атауымен компанияны кең ауқымды дамыту басталды.
2022 жыл компания үшін ерекше маңызды болды – ірі өндіріс іске қосылып, Қазақстан нарығына шығу жүзеге асты.
Бүгінде компания нарықта келесі көрсеткіштермен таныстырылған:
• 140 филиал: 101 Ташкент қаласында, 14 Ташкент облысында, 8 халықаралық ЖОО-ларда шағын «SAFIA» нүктелері
• Өңірлердегі филиалдар: 13 филиал: Әндіжан (2), Ферғана, Қоқан, Наманган (2), Бұхара, Қаршы, Навои, Термез, Үргеніш, Жызақ, Нүкіс
• Қазақстандағы филиалдар: 4 филиал – Шымкент (2), Алматы (2)
Қызметкерлер саны бүгінде 4000-нан асады және олардың барлығы өз ісінің мамандары.
SAFIA командасы күн сайын өнім мен қызмет сапасын арттыру үшін еңбек етеді.
Біздің команда – ортақ дәстүрлері мен құндылықтары бар үлкен әрі тату отбасы.
Біздің тарихымыз –бұл өз ісін жетік білетін энтузиастар мен адамдардың тұтас өмірі.
Біздің жетістігіміздің кепілі – бізбен бірге жұмыс істейтін адамдар.
Біз белсенділік пен өз ісіне деген құштарлықты құптаймыз.
Бізбен жұмыс істеу тиімді және қызықты, өйткені біз мыналарды ұсынамыз және қамтамасыз етеміз:
• Оқыту мен даму, сондай-ақ тренинг орталығында білім алып, жұмыс орнында тәжірибе алмасу арқылы мансаптық өсу мүмкіндігі
• Қызметкерлер үшін ойластырылған бейімдеу жүйесі
• Уақтылы жалақы төлеу және тұрақты жалақы өсімі
• Тегін тамақтану мен медициналық тексеріс
• Үйге жақын жұмыс орны (ыңғайлы орналасу)
• Ыңғайлы жұмыс кестесі
• Ресми жұмысқа орналасу
Біз әртүрлі жастағы және еш тәжірибесі жоқ адамдарды да жұмысқа қабылдаймыз. Біздің тату отбасымызда жаңа мамандық меңгеріп, басқарушы лауазымға дейін көтерілуге барлық жағдай жасалған.
Қомақты жалақы алып, табысты мансап құру – SAFIA қызметкерлерінің әрқайсысына қолжетімді мүмкіндік!
Бізбен бірге бол!